📍 Қарағандыда «Jas Keñes Sıylığı – 2025» жастар сыйлығы таныстырылды
Қарағандыда өткен брифинг барысында ҚР Президенті жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің мүшесі, Мәжіліс депутаты Динара Наумова мен Қарағанды облыстық Жастар ресурстық орталығының ақпараттық саясат және коммуникациялар бөлімінің басшысы Аслан Кабегенов спикер ретінде сөз сөйледі.
🔹 Іс-шара барысында «Jas Keñes Sıylığı – 2025» жастар сыйлығының мақсаты мен міндеттері таныстырылып, биыл енгізілген жаңашылдықтар туралы айтылды. Атап айтқанда, номинациялар саны 10 бағытқа дейін кеңейгені атап өтілді.
🔹 Сонымен қатар, қатысу тәртібі, іріктеу кезеңдері мен жүлде қоры жайында нақты ақпарат ұсынылды.
📌 Жиын барысында журналистер тарапынан қойылған сұрақтарға толық әрі мазмұнды жауаптар берілді.