Қарағанды қаласында «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының бастамасымен «Жұмысшы мамандықтардың болашағы: тенденциялар мен перспективалар» тақырыбында «JastarX» диалог алаңы өтті.

Кездесу барысында Жоғары білім беруді дамыту ұлттық орталығының «Мамандығым-болашағым» кеңсесінің басшысы Олжас Сәкенов өзінің баяндамасында жастарды кәсіптік бағдарлауға бағытталған «Мамандығым – Болашағым» бағдарламасының мақсаттары мен нәтижелері туралы айтып өтті.

КБР «Қазақстан алюминийі» АҚ филиалының өндіріс жөніндегі сарапшысы Дамир Баймагамбетов «Өндірістегі жастар саясаты» тақырыбында баяндама жасап, қазіргі өндірісте жастарға жасалып жатқан қолдау тетіктері мен олардың кәсіби дамуы жөнінде айтты.

Өз кезегінде «Анара» шаруа қожалығының басшысы Анар Бозаева да ауыл шаруашылығындағы жеке тәжірибесі мен фермерлік кәсіптің маңыздылығын жеткізді.

«ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ электровоз машинисінің көмекшісі, Қамбар Хасенов болса, «ҚТЖ жастары. Өскелең ұрпаққа көзқарас» тақырыбында сөз сөйлеп, теміржол саласындағы жас мамандардың орны мен келешегі туралы ой бөлісті.