Қарағандыда Жастар істері жөніндегі кеңестің жұмыс отырысы өтті

Қарағандыда Жастар істері жөніндегі кеңестің жұмыс отырысы өтті

 

10 шілде күні Қарағанды облысы әкімінің жанындағы Жастар істері жөніндегі кеңестің жұмыс отырысы өтті.

Кеңес барысында жастар саясатының өзекті мәселелері талқыланып, алдағы кезеңге арналған басым бағыттар белгіленді.

Күн тәртібінде үш негізгі мәселе қаралды:
– 2025–2027 жылдарға арналған мемлекеттік жастар саясатын іске асыру бойынша Жол картасының жобасы;
– әскери-патриоттық тәрбие жұмысын жетілдіру және әскерге шақыру сапасын арттыру;
– облыстық Кеңес мүшелерінің өңірлік жастар кеңестерінің қызметін мониторингтеу процесіне қатысуы.

Кеңес отырысына модераторлық еткен – Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының басшысы Айсұлу Ерниязова.

Әскери-патриоттық тәрбие бағыты бойынша «Жас Сарбаз» республикалық қозғалысының Қарағанды облыстық филиалының директоры Рустам Баскумбаев баяндама жасады. Ол жастарды әскери-патриоттық бағдарламаларға кеңінен тарту жөнінде бірқатар нақты ұсыныстарын ортаға салды.

Сонымен қатар, Кеңес мүшелерінің аудандық және қалалық деңгейдегі жастар кеңестері жұмысына бақылаушы ретінде қатысу форматы қарастырылып, олардың тиімділігін бағалау тетіктері талқыланды.

Кеңес отырысы аясында қатысушылар пікір алмасып, ұсыныстарын білдірді. Жиын қорытындысы бойынша Жол картасын жетілдіру мен жастармен жұмысты үйлестірудің нақты бағыттары айқындалды.