«Нашақорлық пен лудоманияның алдын алу бойынша облыстық форум»

«Нашақорлық пен лудоманияның алдын алу бойынша облыстық форум»

Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні қарсаңында 2025 жылдың 25-26 маусым күндері Теміртау қаласында Қарағанды облысының Жастар ресурстық орталығы «Нашақорлық пен лудоманияның алдын алу бойынша облыстық форум» ұйымдастырды.

Форумның ашылуында Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының басшысы А.А. Ерниязова сөз сөйледі.

Форумның мақсаты- салауатты өмір салтын насихаттау, есірткі мен лудоманияның зияны туралы хабардарлықты арттыру, жастармен жұмыс істейтін мамандарды профилактикалық жұмыс жүргізу қажеттілігі және тәуелділікті емдеудің заманауи әдістері туралы хабардар ету.

Іс-шараға білім беру, денсаулық сақтау, құқық қорғау органдары, үкіметтік емес ұйымдар, сондай-ақ облыстың қалалары мен аудандарының жастар ресурстық орталықтарынан 90 адам қатысты. Қатысушылар үшін әртүрлі тақырыптар бойынша екі күндік оқыту семинар-тренингі өткізілді.

Аталған тақырып бойынша жұмыс тәжірибесі бар білікті мамандар шақырылды.

  1. Баязитов Нұрсұлтан Бекзатұлы — психолог, Қазақстан психологтар Одағының мүшесі. Халықаралық спикер, Soul Clinic директоры.

 Тақырыбы - «Тәуелділік 2.0: цифрлық заманда бәс тігу мен зиянды заттар жастарды қалай өзіне тәуелді етіп алады».

  1. Иванова Евгения Александровна — дәрігер-психиатр, психотерапевт,

нарколог. Психотерапия орталығының жетекшісі. Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының когнитивті-мінез-құлық терапиясы қауымдастығының мүшесі, Бек институтының (АҚШ) сертификатталған клиницисті.

Тақырыбы - «Тәуелділік ауру ма, әлде еріккендік  пе?»

  1. Алтын Бекишева — энерготерапевт, дене-бағдарлы терапия маманы

Тақырыбы - «Ішкі қатынастармен және қақтығыстармен жұмыс»

  1. Залетова Александра Анатольевна — полиция майоры.

         Тақырыбы - «Құқықтық салдарлар. Есірткі айналымына қатысқаны үшін не күтіп тұр?»

  1. Қаражігітова Сандуғаш Мұхтарқызы — психиатр-дәрігер, Еуропалық когнитивті-мінез-құлық терапиясы қауымдастығының мүшесі, психотерапия орталығының маманы.

Тақырыбы- «Лудомания — онлайн ұрпақ үшін жасырын қауіп».

  1. Степанова Елена Владимировна – психолог, психология ғылымдарының кандидаты.

Тақырыбы- «Людомания – ұрпаққа төнген қауіп».

Қатысушылар ұсынылған ақпаратпен қызығушылықпен танысып, көптеген сұрақтар қойды, ал спикерлер өз тәжірибелерінен алынған оң және теріс нақты оқиғалармен бөлісті. Семинар соңында қатысушылар форумды ұйымдастырушыларға жаңа білім алып, салалық мамандармен байланыс орнатуға мүмкіндік бергені үшін алғыс білдірді.

Іс-шара соңында Қарағанды облысының Жастар ресурстық орталығының директоры А.С. Искакова шақырылған спикерлерге алғыс хаттар мен форумның барлық қатысушыларына сертификаттар табыс етті.

Бұл форумды өткізу жастар арасында тәуелді мінез құлықтың алдын алу бағытындағы маңызды қадам болды және одан әрі ведомствоаралық ынтымақтастық пен тиімді тәжірибелермен алмасуға негіз болды.

Іс-шара «Шырақ» аспаптық тобының концерттік бағдарламасымен аяқталды.