Road Fest эстафетасы
2025 жылғы 19 маусым күні «Таза Қазақстан» ұлттық жобасы аясында экологиялық акция – Road Fest өтті. Іс-шараны Қарағанды облысының Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы ұйымдастырды. Волонтёрлер Қарағанды–Алматы тас жолы бойындағы Атамекен, Шопа, Ақсу-Аюлы, Ақшатау елді мекендері маңын тұрмыстық қалдықтан тазалады. Сондай-ақ Бектау-Ата жартасындағы вандалдық жазуларды жойып, киелі табиғи нысанның бастапқы келбетін қалпына келтіруге атсалысты. Шара соңында қатысушылар марапатталып, концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.
Екінші өмір» экологиялық акциясы өтті
2025 жылғы 20 маусымда Balkhash Tour Fest аясында пластик қалдықтарды қайта өңдеуге бағытталған «Екінші өмір» экобастамасы жүзеге асты.
Фестиваль алаңында алып балық-инсталляция орнатылып, қатысушылар мен волонтерлер оның ішіне пластик бөтелкелер салды. Барлық жиналған қалдықтар сұрыпталып, арнайы мекемелерге қайта өңдеуге жөнелтілді.
Акцияға Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекбаев қатысты.
Мақсат — экосана қалыптастыру және қоқысты пайдалы ресурстарға айналдыру.
Social Ton — «Бірлік. Идея. Әрекет» форумы аясында алғаш рет ұйымдастырылған әлеуметтік алаң. Бұл формат жастардың өзекті мәселелерді ашық талқылауына, идеяларымен бөлісуіне және оларды нақты жобаларға айналдыру жолдарын қарастыруға мүмкіндік берді. Алаңға волонтерлер, жастар ұйымдарының көшбасшылары мен қоғамдық белсенділер қатысты. «Идеядан – әрекетке» тақырыбындағы мотивациялық тренингті Қазақстан Республикасының Әлеуметтік инноваторлар қауымдастығының президенті Эмин Аскеров жүргізді.
«Бірлік. Идея. Әрекет» республикалық волонтерлер форумы сәтті аяқталды
Форум Қарағанды облысында өтіп, еліміздің әр өңірінен белсенді жастар мен волонтерлерді біріктірді. Іс-шараны Қарағанды облысының Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы «Таза Қазақстан» ұлттық жобасы аясында ұйымдастырды.
Бағдарлама аясында шеберлік сағаттары, пікірталас алаңдары, экологиялық акциялар мен жастар жобалары өтті. Алғаш рет іске қосылған Social Ton әлеуметтік алаңы қатысушыларға өзекті мәселелерді талқылап, идеяларын нақты бастамаларға айналдыруға мүмкіндік берді.
Форум жастардың азаматтық белсенділігін арттырып, жаңа серіктестік байланыстардың орнауына жол ашты.