1-тарау. Жалпы ережелер
- Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы «Қарағанды облысының жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мемлекеттік мекеме) жастардың кәсіби, рухани, мәдени қалыптасуын қамтамасыз ететін жастар ұйымдарымен практикалық жұмысты жандандыру және олардың қызметін үйлестіру үшін ұйымдық құқықтық нысанында құрылған заңды тұлға мәртебесіне ие коммерциялық емес ұйым болып табылады.
- Коммуналдық мемлекеттік мекеме 2025 жылғы «05» қазандағы № 58/03 Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының «Қарағанды облысының жастар бастамалары орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта атау туралы» шешімімен құрылды.
- Қарағанды облысының әкімдігі мемлекеттік мекеменің құрылтайшысы болып табылады.
- Тиісті саланың уәкілетті органы, сондай-ақ оған байланысты мемлекеттік мекеменің мүлкіне қатысты құқық субъектісінің функцияларын жүзеге асыратын орган «Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы» ММ болып табылады.
- Мемлекеттік мекеменің атауы:
Мемлекеттік (қазақша) тілде: Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы «Қарағанды облысының жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Орыс тілінде: Коммунальное государственное учреждение «Молодежный ресурсный центр Карагандинской области» Управления по вопросам молодежной политики».
- Мемлекеттік мекеменің тұрған жері: 100012, Қарағанды облысы, Қарағанды қ., Қазыбек би ауданы, Алиханова көшесі, 4.