Қарағанды облысының ветеринария басқармасында «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» ҚР Заңының іске асырылуы талқыланды

Қарағанды облысының ветеринария басқармасында «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» ҚР Заңының іске асырылуы талқыланды

Іс-шараға Қоғамдық кеңестің, ветеринарлық клиникалардың өкілдері, зооқорғаушылар және Қарағанды облыстық мәслихатының депутаты Жанна Штергер қатысты.

Күн тәртібінде мемлекеттік сатып алуды жүргізу, баға белгілеу және төрт бағдарлама бойынша техникалық ерекшелікті әзірлеу сұрақтары қарастырылды: Қарағанды облысының аумағында қаңғыбас жануарларды уақытша ұстау, вакцинациялау және зарарсыздандыру, қараусыз және қаңғыбас жануарларды бірдейлендіру, аулау және жансыздандыру бойынша қызметтер көрсету.

Әлеуетті жеткізуші бірқатар талаптарға сай болуы керек, соның ішінде:

  • «Жануарларды жануарларға арналған панажайларда, зоологиялық жатынжайларда, жануарларды уақытша ұстау пункттерінде, жануарларға арналған оңалту орталықтарында, зоологиялық питомниктерде, контактілі зоопарктерде, жылжымалы хайуанаттар бақтарында ұстау қағидаларын бекіту туралы" 2022 жылғы 23 мамырдағы № 175 бұйрықтың талаптарына сәйкес жабдықталған растайтын құжаттары қоса берілген қызмет көрсету орнында меншікті немесе жалға алынған аумақтың болуы;
  • жануарлар үшін үй-жайларда немесе уақытша ұстау пункттерінде қараусыз және қаңғыбас жануарларды уақытша ұстау үшін кемінде 15  күнтізбелік  күн құрал-жабдықтың, тиісті құралдардың, мамандардың, құрал-жабдықтың, тиісті құралдардың, мамандардың болуы;
  • қараусыз және қаңғыбас жануарларды уақытша ұстау бойынша жалпы ұсыныстарды және азықтандыру рационының нормаларын сақтау;
  • Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың талаптарына сәйкес мерзімдерде, қараусыз және қаңғыбас жануарларды уақытша ұстауды қамтамасыз ету;
  • уақытша ұстау пунктіне түскен жануарлар туралы халықты ақпараттандыру және бұрынғы немесе жаңа иелерін іздеу үшін жеке ақпараттық ресурстардың болуы (сайт, әлеуметтік желілердегі беттер және т.б.).