Қарағанды облысының ветеринария басқармасында "Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы" ҚР Заңын іске асыру бағытындағы мәселелері талқыланды.

Қарағанды облысының ветеринария басқармасында "Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы" ҚР Заңын іске асыру бағытындағы мәселелері талқыланды.

Іс-шараға қараусыз қалған жануарлардың проблемасына бей-жай қарамайтын зооқорғаушылар, БАҚ өкілдері және қарағандылықтар қатысты.
Бүгінгі таңда жұртшылықты толғандыратын басты мәселелердің бірі-уақытша ұстау пункттерін салу. Басқарма басшысы Қайрбек Тұрсынбеков атап өткендей, бүгінгі күні оларды жобалау мүмкін емес, өйткені тиісті құрылыс нормалары әзірленбеген.
Осыған байланысты Қарағанды қаласының әкімдігі басқа жолмен жүруге шешім қабылдады. Ескі қала аумағында контейнерлермен жабдықталған уақытша ұстау пунктін салу үшін ауданы 3 гектар учаске бөлінеді, - деді ол.