Бірдейлендіруге қатысты

Бірдейлендіруге қатысты

Құрметті облыс тұрғындары!

ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің 2021 жылғы 13 қаңтардағы №8 бұйрығына сәйкес, процессингтік орталықтан облысқа ІҚМ - 346 664 дана, ҰҚМ – 476 500 дана, шошқа – 98 627 дана, түйе – 465 дана құлақ сырғалары келіп түсті.

Құлақ сырғалары қажеттілікке сәйкес, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру іс-шараларын жүзеге асыру үшін аудан, қалалық ветеринариялық станцияларына таратылды.

Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру ауылдық (кенттік) округтерде (қалаларда) ауыл шаруашылығы жануарларын есепке алуды жүргізу және жануарлардың аса қауіпті ауруларының профилактикасы мен диагностикасы бойынша ветеринариялық іс-шаралардың жүзеге асырылуын бақылау мақсатында жүргізіледі.