
Ағымдағы жылдың 30 маусымы Астанада мал шаруашылығы саласы мен ветеринария қызметінің үздік мамандарын салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті. Отандық мал шаруашылығын, ветеринарияны дамытуға және елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге елеулі үлес қосқан сала қызметкерлері, агроқұрылымдар өкілдері мен агроөнеркәсіп кешенінің ардагерлері мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапатталды.
«Еңбек ардагері» медалімен Бұқар жырау аудандық ветеринариялық станциясының Ростов ауылдық округінің ветеринариялық пунктінің меңгерушісі Қайрат Аршкенов марапатталды.