Дөңгелек үстел

Дөңгелек үстел

Қарағанды облысының Ветеринария басқармасында «Ауыл шаруашылығы жануарларының кінәсінен темір жол көлігінде апаттық жағдайлардың туындауы (орын алуы) және апаттың алдын алуда қолданылатын шаралар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға ветеринариялық қызметтердің өкілдері, Қарағанды-Сұрыптау станциясындағы Көліктегі полиция басқармасының мамандары және ҚР АШМ ВБҚК Қарағанды облыстық аумақтық инспекциясы қатысты.

Кездесу барысында Көліктегі полиция басқармасы осы мәселеге қатысты статистикалық мәліметтерді баяндады. Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша қатысушылар теміржол көлігіндегі апаттық жағдайлардың алдын алу жөніндегі бірлескен іс-шаралар жоспарын әзірлейтін болады.