Жануарлардан алынатын өнім мен шикізатқа ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізу жөніндегі қызметпен айналысуға арналған лицензия беру

Жануарлардан алынатын өнім мен шикізатқа ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізу жөніндегі қызметпен айналысуға арналған лицензия беру

Ветеринария басқармасымен 1 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі - «Ветеринария саласындағы қызметпен айналысу үшін лицензия беру», соның ішінде «Жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатқа ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізу жөніндегі қызметпен айналысуға лицензия беру».

«Жануарлардан алынатын өнім мен шикізатқа ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізу жөніндегі қызметпен айналысуға арналған лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсету тәртібі:

- Лицензия алу үшін жеке немесе заңды тұлға «электрондық үкімет» веб-порталы www.egov.kz. арқылы қызметті берушіге құжаттар Тізбесінде көрсетілген құжаттарды жолдайды.

- Құжаттарды келіп түскен күні қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады және оларды жауапты жұмыскерді тағайындау үшін басшыға жібереді.

- Құжаттарды тіркеген сәттен бастап 2 жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді және біліктілік талаптарына сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы қорытынды алу үшін ведомствоның тиісті аумақтық бөлімшесіне сұраным жібереді (қорытындыны алу мерзімі 2 жұмыс күн). Сәйкестігі туралы қорытынды алынған сәттен бастап 1 жұмыс күні ішінде лицензияны ресімдейді.

МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТІ АЛУ ҮШІН ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАР ТІЗБЕСІ:

  1. Көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған, белгіленген нысан бойынша (электрондық құжат нысанындағы) жеке немесе заңды тұлғаның лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған өтініші; 
  2. ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, ветеринария саласындағы қызметпен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның (лицензия беру үшін  ̶  6 (алты) айлық есептік көрсеткіш, лицензияны қайта ресімдеу үшін - лицензия бергені үшін төленетін алым мөлшерлемесінің 10 (он) пайызы) төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі; 
  3. Бұйрықпен бекітілген жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттарға ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізу жөніндегі ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптарына және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесіне қосымшаға сәйкес, қызметті жүзеге асыруға арналған ақпаратты қамтитын мәліметтердің электрондық нысаны.

 

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

1) 1) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде, оның ішінде заңды тұлға-лицензиат бөлініп шығу және бөліну нысандарында қайта ұйымдастырылған жағдайда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде – 5 (бес) жұмыс күні;

2) заңды тұлға-лицензиат бөлініп шығу және бөліну нысандарында қайта ұйымдастырылған жағдайда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуді қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде – 3 (үш) жұмыс күні ішінде.