КОНКУРС ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ

КОНКУРС  ТУРАЛЫ  ХАБАРЛАНДЫРУ

«Қарағанды облысының ветеринария басқармасы» ММ Қарағанды облысының ветеринария басқармасының «Нұра аудандық ветеринариялық станциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны басшысының бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

Конкурсты өткізу күні: 2026 жылғы 26 маусым.

Конкурс өткізу мекен-жайы: Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, Лободы көшесі 20,  анықтама үшін телефон: 8 (7212) 56-41-05, vet.upravlenie@akimat09.kz

Кәсіпорынның негізгі қызметі: Қарағанды облысының ветеринария басқармасының «Нұра аудандық ветеринариялық станциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның қызметі Нұра аудан аумағында ветеринариялық-профилактикалық іс-шараларды жүзеге асыру, жануарлар ауруларының алдын алу, оларды емдеу, халықты адам мен жануарға ортақ аурулардан қорғау.

Байланыстар:   Қарағанды облысы, Нұра ауданы, Нұра кенті,  Мынбаева көшесі 104, анықтама үшін телефон: 8 (72144) 79056, nrvs_nura@mail.ru

Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар: «Ветеринария» мамандығы бойынша жоғары білімі. Ветеринария саласындағы кәсіпорынның тиісті бейініндегі басшы лауазымдарда мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде 5 жыл жұмыс өтілінің болуы.

Құжаттарды қабылдау Конкурсқа қатысуға үміткер адамдар үшін құжаттарды қабылдау тізілімнің веб-порталында конкурс өткізу туралы жарияланған күннен кейін 7 (жеті) жұмыс күні өткен соң аяқталады (www.e-qazyna.kz ).