5-айда атқарылған ветеринариялық іс-шаралар туралы

5-айда атқарылған ветеринариялық іс-шаралар туралы

Облыс аумағында эпизоотиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында бекітілген ветеринариялық профилактикалық-диагностикалық іс-шаралардың 5-айлық жоспарына сәйкес, жануарлардың 8 түрлі аса қауіпті ауруларына қарсы 2 831 569 екпе жасалды.

Анықтама: құтыруға қарсы жануарлардың барлық түрлері-7 751 бас; сібір жарасына қарсы жануарлардың барлық түрлері- 554 547 бас; аусыл ауруына қарсы  жануарлардың барлық түрлері-1 126 115 бас; қарасанға қарсы-136 540 бас ІҚМ, нодулярлы дерматитке қарсы-40 210 бас ІҚМ, жоғары патогенді құс тұмауына қарсы-875 638 бас, туберкулезге аллергиялық зерттеу-90 273 бас ІҚМ, дегельминтизация – 495 бас.  

Сондай-ақ, 247,7 мың ІҚМ және 385,0 мың ҰММ бруцеллезге диагностикалық тұрғыда зерттелді.

Жоспарлы іс-шаралар жалғасуда.