«Өрт-2026» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуына қатысу туралы

«Өрт-2026» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуына қатысу туралы

Ағымдағы жылдың 28–29 мамырында Қарағанды облысының Ветеринария басқармасы мен ведомстволық бағынысты ұйымдар жануарлар мен өсімдіктерді қорғау қызметі ретінде Осакаров ауданында өткізілген «Өрт-2026» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуына қатысты.

Кешенді оқу-жаттығудың мақсаты – табиғи өрттердің алдын алу және оларды жою саласындағы азаматтық қорғау жүйесін жетілдіру, қабылданатын шаралардың тиімділігін арттыру, сондай-ақ төтенше жағдайлар туындаған кездегі қызметтердің дайындық деңгейін көтеру болды.

Оқу-жаттығу өрттер туындаған жағдайда қызметтерді басқару, үйлестіру және өзара іс-қимыл алгоритмдерін пысықтауға бағытталды.

Оқу-жаттығу барысында Ветеринария басқармасы ведомстволық бағынысты ұйымдармен және басқа да қызметтермен бірлесіп, табиғи өрттерге байланысты төтенше жағдайлар жағдайында жануарлар мен өсімдіктерді қорғау жөніндегі практикалық іс-шараларды пысықтады.