
Аусыл - ашатұяқты жануарлардың тез таралатын, жедел өтетін, жұқпалы ауруы. Ауру- О, А, С, САТ-1, САТ-2, САТ-3 және Азия-1 типтерінің біріне жататын вирус түрлерімен туындайды. Аусыл ауруына бейім жануарлар – ІҚМ, ҰММ және шошқалар.
Аусыл ауруына кейбір кеміргіштер де бейім келеді, алайда олар инфекцияның таралуында айтарлықтай рөл атқармайды. Құстар аусыл ауруымен ауырмайды, бірақ вирусты қауырсындары мен аяқтары арқылы механикалық түрде тасымалдауы мүмкін. Ауру өте жылдам таралады және қысқа мерзім ішінде шаруашылықтарға айтарлықтай экономикалық зиян келтіруі мүмкін.
Аурудың таралу жолы:
Клиникалық белгілері:
Алдын алу шаралары:
Облыс бойынша 2026 жылға бекітілген профилактикалық іс-шаралардың жоспарына сәйкес аусыл ауруына қарсы 2 290 200 екпе жүргізу көзделген. Оның ішінде: ІҚМ – 858 800 бас, ҰММ – 1 282 300 бас, шошқа – 149 100 бас.
Уақытылы және жоспарлы екпе жұмыстарын жүргізу – аусыл ауруының таралуына жол бермеудің ең тиімді жолы. Малды уақытында егумен қамтамасыз ету шаруашылықтың қауіпсіздігін сақтап, экономикалық шығынды азайтады.
Есептік мерзімге аусылға қарсы 1 103 260 екпе (оның ішінде: 435 727 бас ІҚМ, 622 983 бас ҰММ, 44 550 бас шошқа) жұмыстары жасалды.