
Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, ветеринария басқармасының басшысы Амандық Жакетаев, Қарқаралы аудандық аумақтық инспекциясының басшысы Қанат Абдраимовтың қатысуымен Қарқаралы аудандық ветеринариялық станциясы мамандарымен 2026 жылға арналған профилактикалық-диагностикалық іс-шаралар жоспарының орындалысын талқылаған жұмыс жиынын өткізді.
Жиын барысында Томар ауылдық округінің ветеринариялық пункт меңгерушісі Қайыржан Төлеуқұлов Қарағанды облысы әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
Сонымен қатар, басқарма басшысы Бесоба ауылының, тұрғындарымен кездесу өткізіп, ауыл халқын толғандырған мәселелерді тыңдап, қойылған сұрақтарға жан-жақты жауап берді.