Марапаттау туралы

Марапаттау туралы

Халықаралық әйелдер күнін мерекелеу қарсаңында, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен еліміздің бірқатар әйелдері мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына қосқан елеулі үлесі, сондай-ақ әскери және қызметтік борышын үлгілі атқарғаны үшін мемлекеттік наградалармен марапатталды.

Марапатталғандардың қатарында Қарқаралы ауданы, Ынталы ауылының тұрғыны, еңбек ардагері Сәуле Жидебаева да бар. Ол «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

Сәуле Әуезқызы ұзақ жылдар бойы ветеринария саласында еңбек етіп, ауыл шаруашылығының дамуына және елді мекен тұрғындарының игілігіне адал қызмет атқарды. Көп жылғы тынымсыз еңбегі мен кәсібіне деген жауапкершілігі үшін ол әріптестері мен ауылдастарының зор құрметіне ие болды.

Бұл жоғары марапат – оның ел игілігі жолындағы еселі еңбегіне берілген лайықты баға.

Сәуле Әуезқызын жоғары мемлекеттік марапатымен шын жүректен құттықтай отырып, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр және отбасына амандық тілейміз!