Жұқпалы аурулар бойынша семинар өткізілді

Жұқпалы аурулар бойынша семинар өткізілді

Ағымдағы жылдың 24 ақпанында ветеринария саласындағы өзекті мәселелерге арналған семинар өткізілді. Іс-шара барысында ауыл шаруашылығы жануарлары арасында кең таралған жұқпалы аурулар, атап айтқанда бруцеллез, паратуберкулез, клостридиоз ауруларының алдын алу, диагностикасы және олармен күресу шаралары талқыланды.

Семинарға ҚР АШМ ВБҚК облыстық аумақтық инспекциясы, ветеринария басқармасы, аудандық,қалалық ветеринариялық станциялары, ҚР АШМ РВЗ ҚОФ, Қарағанды ғылыми зерттеу ветеринариялық станциясы мамандары мен жеке кәсіпкерлер және фермерлік/шаруа қожалықтардың басшылары қатысты.

Семинарда Бауыржан Авганович Курманов - ветеринария ғылымдарының докторы, Мереке Кусайнович Тайтубаев - Орталық азиядағы ДЖДҰ аймақтық үйлестіру бюросының өкілі, ветеринария ғылымының кандидаты, Карлос Чипани (Испания) - ветеринария ғылымының докторы аталған тақырыптар бойынша сөз сөйледі.

Сондай-ақ ветеринариялық-санитариялық талаптарды сақтау, эпизоотиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету, мал шаруашылығы өнімдерінің қауіпсіздігін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Қатысушыларға аурулардың таралу жолдары, профилактикалық вакцинация, зертханалық бақылау және шаруашылықтарда биоқауіпсіздік шараларын күшейту бойынша нақты ұсынымдар берілді.

Іс-шара ветеринария мамандарының біліктілігін арттыруға және өңірдегі эпизоотиялық жағдайды тұрақтандыруға бағытталды.