Үй жануарларын есепке алу тәртібі

Үй жануарларын есепке алу тәртібі

Үй жануарларын есепке алу - олардың қауіпсіздігі мен денсаулығын қамтамасыз етудің, сондай-ақ қоғамдағы қауіпсіздікті сақтаудың маңызды шарасы.

Қазақстан Республикасының «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Заңы және Үй жануарларын есепке алу ережелеріне сәйкес, үй жануарларын есепке алу міндетті болып табылатынын еске саламыз.
Есепке қою жоғалған жануардың иесін тез анықтауға, вакцинация мен басқа ветеринариялық шаралардың жүргізілгенін растауға, аса қауіпті аурулардың таралу қаупінің алдын алу, сондай-ақ қаңғыбас жануарлардың санын азайтуға көмектеседі.

Есепке алу рәсімі қарапайым және көп уақыт алмайды. Жануар иесі жеке немесе ветеринариялық станцияға жүгінуге болады. Ветеринарлық маман жануарды тексеріп, есепке алу құралын орнатып, мәліметтерді электрондық деректер базасына енгізеді. Жануарға жеке нөмір беріліп, электрондық паспорт жасалады.

Ескеретін жайт: есепке алу құралы иесі тарапынан таңдалып, өз шығынымен алынуы тиіс. Есепке алу құралының орнату қызметі ақылы түрде жүзеге асырылады. Әлеуметтік осал топтарға мемлекет тарапынан жеңілдетілген көмек көрсетіледі. Иесі немесе ұстау орны өзгерген жағдайда жануар міндетті түрде қайта есепке алынады.

Уақытында есепке қою – әрбір жануар иесінің орындауға тиіс міндет, оны дереу жүзеге асыру қажет.