Қарағанды облысы тұрғындарының назарына!

Қарағанды облысы тұрғындарының назарына!

Үй жануарларын есепке алу және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, міндетті түрде дерекқорға тіркеу қажет. Дерекқорда жануарға берілген жеке бірдейлендіру нөмірі, иелерінің тұрғылықты жері, жүргізілген ветеринариялық іс-шаралар және өзге де қажетті мәліметтер тіркеледі.  

Осыған орай, Қарағанды облысын бойынша үй жануарларын есепке алуды электрондық түрде ұйымдастыру үшін, «ITCOR-KZ» ақпараттық жүйесі пайдалануға берілді. Жануарларды тіркеу және есепке алу https://aor.kz/main ресми сайтында жүзеге асырылады.

Сонымен қатар, сервис пайдаланушылардың туындайтын мәселелерін шешу және жедел өзара іс-қимыл жасау мақсатында телеграмм-арна құрылды https://t.me/+fPXB5Jp54IAxMjli.