Эпизоотияға қарсы іс-шаралар

Эпизоотияға қарсы іс-шаралар

Облыс бойынша эпизоотиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету бекітілген эпизоотияға қарсы іс-шаралар жоспары негізінде жүзеге асырылады.

Осы жұмыстарды ұйымдастыруға ағымдағы жылы 2 млрд. 711 теңге бөлінді.

2026 жылға 7,7 млн. ветеринариялық манипуляция жүргізу жоспарланған, оның ішінде 6,1 млн. аса қауіпті аурулардың 11 түріне қарсы (құтыру,сібір жарасы, аусыл, қарасан, нодулярлы дерматит,  ринопневмания, оба, жоғары патогенді құс тұмауы, туберкулинизация, маңқа және етқоректілер дегельминтизациясы) егу, және зертханалық тұрғыда 11 түрлі аса қауіпті ауруларға қарсы зерттеулер жүргізу үшін зертханаға 1,6 млн. биологиялық сынамаларды жеткізу жоспарланды.

Бүгінгі күні облыс бойынша тіркелген 5 қолайсыз ошақта (2 ошақ 2025 ж өтпелі) сауықтыру шаралары жалғасуда.

Анықтама: құтыру ІҚМ– 2 (Абай а.-1, Қарқаралы а.-1); етқоректілер арасындағы құтыру-1 (Осакаров а.-1); пастереллез ҰММ-1 (Ақтоғай а.-1); туберкулез ІҚМ-1 (Нұра а.-1).