Үй жануарларын тастамаңыз!

Үй жануарларын тастамаңыз!

Қаңғыбас жануарлар (ит, мысық) өз тағдырын таңдаған жоқ. Олар далада немесе жол бойына қалдыруды сұрамады. Әрбір үй жануарынан бас тарту - адамның жауапкершіліксіз әрекетінің нәтижесі.

Үй жануарлары адамға сенеді. Тасталған жануарлар аштыққа, ауруға және өміріне қауіп көп болады.

Түсініңіз: әрбір тасталған ит немесе мысық - қиналу, қорқу және жалғыздықты сезеді. Бұл жануарлар өздері қамқорлық жасай алмайды. Олардың тағдыры толықтай оны үйге алған адамның қолында. Далада қалдырылған жануарлар қоғамға көптеген келеңсіздік келтіріп, адам өміріне қауіп тудыратынын ұмытпаған жөн.

Ветеринария басқармасы азаматтарға үндеу жасайды:

  • жануарды асырап алғанда жауапкершілікті толық сезіну;
  • жануарларды есепке алу;
  • үй жануарларының денсаулығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Қаңғыбас жануарлар — өздері мәселе емес, бұл адамның шешімдерінің нәтижесі. Жауапкершілік әрқайсымыздан басталады.

Жауапты болыңыздар.