
Облыс аумағында эпизоотиялық ахуалдың тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында, ағымдағы жылдың 25-26 қарашасында «Қарағанды облысының ветеринария басқармасы» ММ мамандары Асулан Тұрсынов пен Елдар Әнуарбек «Бұқар жырау аудандық ветеринариялық станциясы» ШЖҚ КМК-не барып диагностикалық іс-шаралардың орындалуына мониторинг жүргізді.
Мониторинг барысында Ақоре, Ақбел, Новоузенка, Ботақара, Көкпекті, Петровка, Ростовка елді-мекендерінің ветеринариялық дәрігерлері арасында анықталған сәйкессіздіктерге қатысты түсіндіру жұмыстары жүргізілді және оларды жою бойынша ұсыныстар берілді.