
Ветеринария қызметінің негiзгi мiндеттері әкімшілік аумақта эпизоотиялық ахуалдың тұрақтылығын қамтамасыз ету, жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау, жануарлардың аса қауіпті ауруларының алдын алу болып табылады.
Осыған орай, жалпы ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында а.ж. 11 айында, жануарлардың аса қауіпті ауруларының алдын алу іс-шаралары, ветеринария саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбедегі аурулар бойынша, қолданыстағы ережелердің талаптары негізінде, жылма жыл бекітілетін жоспарға сәйкес, жүзеге асырылуда. Жалпы тізбеге 95 аурудың түрі енгізілген. Оның 40 түрі бойынша карантин, ал 55 түрі бойынша шектеу шаралары белгіленеді. Республика аумағында шамамен 61 ауру түрі тіркелген.
Жыл басынан, ауыл шаруашылығы жануарларының аса қауіпті ауруларының 12 түріне қарсы 5 млн 541,0 мың.екпе жүргізілді, 12 түрлі аурулар бойынша 1 млн 602 мың биологиялық сынамалар (қан сынамалары, патологиялық материалдар) алынып, зертханға жеткізілді.
12 түрлі ауруларды атап өтсек олар: Cібір жарасы, құтыру, аусыл, қарасан, нодулярлы дерматит, жоғары патогенді құс тұмауы, түйенің обасы, жылқының ринопневмониясы, Ньюкасл ауруы, маңқа, туберкулезге қарсы аллергиялық зерттеу, эхинококкоз.
Анықтама:
Cібір жарасына қарсы барлық жануарлардың түрлері – 1632,3 бас, құтыруға қарсы барлық жануарлардың түрлері – 59,6 бас, нодулярлы дерматитке қарсы – 185,2 бас ІҚМ, қарасанға қарсы – 347,8 бас ІҚМ, жоғары патогенді құс тұмауына қарсы – 1261,4 бас құс, аусылға қарсы барлық жануарлардың түрлері – 1757,3 бас, т.б.
Бруцеллезге зерттелген 586,4 мың бас ІҚМ дың 1 566 басы ауруға оң нәтиже көрсетті, зақымдануы 0,3%.
Бруцеллезге зерттелген 983,0 мың бас қой-ешкінің, 46 басы ауруға оң нәтиже көрсетті, зақымдануы 0,01%.
Бруцеллезге оң нәтиже көрсеткен жануарлар санитариялық союдан өткізіліп, мал иелеріне 27,7 млн өтемақы төленді.
Ағымдағы жылы облыс аумағында аса қауіпті аурулардың 5 түрі бойынша тіркелген 5 қолайсыз ошақтарының, 4 ошағы сауықтырылды, қалған 1 ошақта сауықтыру іс-шаралары жалғасуда.
Жалпы, облыста эпизоотиялық жағдай тұрақты, өңірде ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында жүргізілетін іс-шаралардың халықты жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғауға алатын орны өте зор.