«Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының» (ФАО) Қазақстан Республикасындағы Байланыс және серіктестік бюросы жүзеге асырып жатқан, «Пандемияға қарсы қор (Қазақстан): «Бір денсаулық» тәсілі негізіндегі пандемияға дайындық және оған қарсы іс-қимыл» жобасы аясында, параветеринар (ветеринар фельдшер) мамандары үшін, Қарағанды облысында 2025 жылдың 6 қарашарашасы күні аса қауіпті ауруларға биологиялық материалдардың (бруцеллез, сібір жарасы, паратиф, құс тұмауы және т.б.) сынамаларын алу бойынша семинар-тренинг өткізілді.
Семинарлардың негізгі міндеттері:
- ветеринариялық фельдшерлерді аса қауіпті ауруларды диагностикалау үшін сынамалар алудың халықаралық және ұлттық стандарттарымен таныстыру;
- биологиялық қауіпсіздік талаптары мен үлгілер сапасын сақтау әдістерін меңгеру;
- тірі және сойылған жануарлардан сынама алу бойынша практикалық машықтарды жетілдіру;
- үлгілерді рәсімдеу және тасымалдау тәртіптерін түсіндіру.
Семинар теориялық және практикалық форматта өтті.
Практикалық сабақ Бұқар Жұрау ауданы, Үштөбе ауылдық округіндегі «Saryarka Halal Meat» ЖШС сою пунктінде жүргізілді.
Оқыту қорытындысы бойынша ветеринариялық мамандарға сертификаттар табысталды.