
Ағымдағы жылдың 6 қарашасында Қарағанды облысы ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Қайрбек Тұрсынбеков Ақтоғай ауданының тұрғындарымен және ветеринариялық станция қызметкерлерімен кездесті. Кездесу барысында Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жыл сайынғы Жолдауының негізгі аспектілері және ветеринария саласындағы мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.