Көкпекті аулында ветеринарлық пункт ашылды

Көкпекті аулында ветеринарлық пункт ашылды

21 қазаны Бұқар жырау ауданының Көкпекті ауылдық округінде халыққа сапалы ветеринарлық көмек көрсетуді қамтамасыз ететін жаңа модульді ветеринарлық пункт ашылды.

Салтанатты ашылу рәсіміне Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Руслан Кенжебеков, Бұқар жырау ауданының әкімі Ерлан Құсайын, аудандық мәслихаттың төрағасы Асхат Әли, ветеринария басқармасының басшысы Амандық Жәкетаев, Бұқар жырау аудандық ветеринариялық станцияның басшысы Павел Салащенко қатысты.

Көкпекті ауылындағы жаңа нысан Қазақстан Республикасының 2021–2030 жылдарға арналған агроөнеркәсіптік кешенін дамыту тұжырымдамасы аясында салынды.

 

– Құрметті ветеринария саласының қызметкерлері, ауыл тұрғындары!

Сіздерді Ұлттық мереке – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Осы айтулы мереке қарсаңында Көкпекті ауылында ветеринарлық пункттің ашылуы – жергілікті тұрғындар үшін маңызды әрі көптен күткен оқиға.

Енді ауыл тұрғындары жергілікті жерде ветеринариялық көмек ала алады: вакцинациялау, жануарлар ауруларын алдын алу және емдеу үшін жаңа мүмкіндіктер пайда болды.

Ветеринариялық пункт – аумақтың ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жағдай жасайды және ауыл тұрғындарына ветеринариялық көмекті сапалы алуға мүмкіндік береді! - деп атап өтті Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Руслан Кенжебеков.

 

Іс-шараға Бұқар жырау аудандық ветеринариялық станциясының ұжымы, ветеринариялық қызмет ардагерлері мен ауыл ақсақалдары қатысты.