
Басқарма қызметкерлерімен 2025 жылдың 16-17 қазан аралығында Осакаров ауданының ветеринарлық мамандарының мемлекеттік қызмет көрсетуіне ішкі бақылау жүргізілді. Қорытындысы бойынша 2025 жылдың басынан бастап «Осакаров аудандық ветеринариялық станциясы» ШЖҚ КМК тарапынан мемлекеттік көрсетілетін қызметтердегі заңнама талаптарын сақтау мәселелері қаралды.
Іс-шараға қатысушылар мемлекеттік қызметтер көрсету кезіндегі сапаны арттыруды, сондай-ақ, мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде туындайтын проблемаларды талқылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге сәйкес, мемлекеттік қызмет көрсетудің маңыздылығы аталып өтті және атқарылған жұмыстар туралы есептерді уақытылы ұсынулары тапсырылды.