Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру – дерекқорға ауыл шаруашылығы жануары туралы мәліметтерді енгізе отырып және ветеринариялық паспорт бере отырып, бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарды (құралдарды) пайдалану, таңбалау арқылы жануарларға жеке нөмір беруді қамтитын жануарларды есепке алу рәсімі.
Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру тәсілдері
- Сырғалау-жеке нөмірі бар пластикалық сырғаны ауыл шаруашылығы жануарының құлағына бекіту.
- Таңба басу-таңба басу ыстық немесе суық тәсілдермен жүзеге асырылады. Жылқыны және т.б. тақ тұяқты жануарларды қоспағанда, таңба ауыл шаруашылығы жануарларының денесінің сол жағына жамбас аумағына басылады.
- Татуировка-жануарлардың құлағының ішкі жағына нөмірлерді еңгізу.
- Электронды микрочип-электронды чиптерді, тері астына немесе бұлшық етке енгізеді, оларда арнайы сканермен оқитын ақпараттар болады.
Бірдейлендіруге жататын ауыл шаруашылығы жануарларының түрлері
- Ірі қара мал-сиыр, бұқа, бұзаулар және т.б. топтары.
- Ұсақ мүйізді мал-қой, ешкі, қозы, лақ, және т.б. топтары.
- Жылқы, түйе-бие, айғыр, аналық түйе, бура, құлын, бота және т.б. топтары.
- Шошқалар-аналық шошқа, еркек шошқа, торайлар және т.б. топтары.
Ескертпе: Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 25 бабына сәйкес, жеке және заңды тұлғалар ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiрудi қамтамасыз етуге міндетті.