Облыс аумағындағы маңызды шаралардың бірі - ауыл шаруашылығы жануарларын көктем және күз айларында аса қауіпті және жұқпалы ауруларға қарсы жоспарлы ветеринариялық-профилактикалық егу, диагностикалық зерттеулер жүргізу болып табылады.
Ең басты құндылық халық денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау болғандықтан, ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті сақтау маңызды.
Айта кететін жағдай, адамдар мен жануарларға ортақ аурулардың алдын-алу арқылы эпизоотиялық ахуалды тұрақтандыру ветеринария саласындағы жауапты міндет. Себебі, ауылды жерлерде мал күнкөріс көзі болып саналғандықтан, малдың саулығы және одан алынатын өнімнің қауіпсіздігі қажет.
Осы мақстатта, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі №339 «Ветеринария туралы» Заңының 25 бабына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың жануарлар ауруларының, оның iшiнде жануарлар мен адамға ортақ аурулардың алдын алу жөнiндегi мiндеттеріне сәйкес, ветеринариялық іс-шараларды жүргізу үшін, мал иелерінің назарына жергілікті жерлерде «Ветстанция» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын тарапынан жүргізілетін егу, қан алу жұмыстарының уақтылы жүргізілуіне тікелей ықпал жасауларыңыз қажеттігін естеріңізге саламыз.