Осакаров ауданы бойынша атқарылған ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралар туралы

Осакаров ауданы бойынша атқарылған ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралар туралы

Ветеринария қызметінің негiзгi мiндеттері, әкімшілік аумақта эпизоотиялық ахуалдың тұрақтылығын қамтамасыз ету, жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау, жануарлардың аса қауіпті ауруларының алдын алу болып табылады.

Биылғы жылы, Осакаров ауданы бойынша эпизоотиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету бағытында, 2025 жылға бекітілген ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралардың жоспары аясында, есепті мерзімге ауыл шаруашылығы жануарларының аса қауіпті ауруларының 7 түріне қарсы 106 845 екпе жүргізілді,  сондай-ақ, туберкулезге аллергиялық әдіспен 5 850 бас мал зерттелді, оның ішінде ауру мал анықталған жоқ.

Бруцеллезге зерттелген 15,5 мың бас ІҚМ,  90 басы ауруға оң нәтиже көрсетті (зақымдануы 0,5%) және зерттелген 24,5 мың бас қой-ешкінің 22 басы ауруға оң нәтиже көрсетті (зақымдануы 0,08%). Ауруға шыққан мал бастары  санитарлық союға тапсырылды. Аса қауіпті аурулардың алдын алу және диагностикасы бойынша іс-шаралар жалғасуда.

Жыл басынан, жануарлардың аса қауіпті ауруларының 1 түрі бойынша (ҰММ бруцеллезі)1 қолайсыз ошақ тіркеліп, бүгінгі күнге сауықтыру шаралары атқарылуда.

Жалпы, ауданда эпизоотиялық жағдай тұрақты, өңірде ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында жүргізілетін іс-шаралардың халықты жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғауда алатын орны өте зор.