Қарағанды облысының ветеринария басқармасы және ведомстволық бағынысты ұйымдар, жануарлар мен өсімдіктерді қорғау қызметі ретінде, Шет ауданында өткен «Бейбіт және соғыс уақыты жағдайларында төтенше жағдайлар қатері төнген және туындаған кезде басқару органдарының, авариялық-құтқару қызметтерінің және халықтың іс-қимылы» тақырыбындағы командалық штабтық жаттығуларға қатысты.
Оқу-жаттығудың мақсаты – төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғау жүйесін жетілдіру, қабылданып жатқан шаралардың тиімділігін және бейбіт және соғыс уақыты жағдайларында төтенше жағдайлар қатері төнген және туындаған кезде қауіпті кезеңдегі қызметтердің дайындық деңгейін арттыру.
Оқу-жаттығулар төтенше жағдайларда қызметтерді басқару және өзара іс-қимыл алгоритмін пысықтау үшін жүргізіледі.
Басқа қызметтермен бірге ветеринария басқармасы ведомстволық бағынысты ұйымдармен бірге оқу-жаттығу барысында жануарлар мен өсімдіктерді қорғауға, ТЖ зардаптарын жоюға байланысты іс-шараларды орындауды пысықтады.