Дөңгелек үстел

Дөңгелек үстел

ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті басшысы мен Қарағанды облысы әкімімен бекітілген, 2025 жылға арналған әртүрлі нысаналы топтар деңгейінде декомпозицияланған ақпараттық жұмыс жүргізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру бойынша кешенді жоспардың №15 тармағын орындау мақсатында, Қарағанды облысының ветеринария басқармасында (әрі қарай  - Басқарма) 2025 жылдың 5 маусымында, ҚР «Жанурларға жауапкершілікпен қарау туралы», ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңдарын іске асыру кезінде жауапкершілік

тақырыбында дөңгелек үстел форматында жиын өткізілді. Күн тәртібі бойынша Қарағанды облысының тексеру комиссиясының мүшесі А. Е. Кутжанова сөз сөйледі.

      А. Кутжанова қолданыстағы Заңнаманың бұзудың алдын алу үшін қандай әрекеттер жасау керектігінің және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою мақсатында Басқарма қызметкерлерімен және Басқарманың бағынысындағы квазимемлекеттік субъектілерімен профилактикалық және түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажеттігі туралы жеткізді.  Қолданыстағы Заңдарды іске асыруға бағытталған заңнама  нормаларына түсіндірме жасалды.

Басқарма басшысының орынбасары Қ.С. Тұрсынбеков өткізілген іс-шараның мәні мен маңыздылығын атап өтті.