Ветеринариялық пункттер салу

Ветеринариялық пункттер салу

ҚР Агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2021-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасы негізінде және өңірде ветеринарлық-санитарлық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, Қарағанды облысының елді мекендері модульдік ветеринариялық пункттермен қамтамасыз етілуде.

2024 жылы 6 модульдік ветеринариялық пункттерді сатып алуға мемлекеттік сатып алулар жарияланып, 2025 жылы 5 модульдік ветеринариялық пункттерді сатып алуға қаражат қарастырылды.

Бүгінгі таңда, аталған нысандарды құрып-орнату процессі аяқталу кезеңінде.  

Осыған байланысты, 2025 жылдың 04 маусымында «Қарағанды облысының ветеринария басқармасы» ММ басшысы А. Жакетаев Осакаров ауданының Ақбұлақ а/о және Саран қаласында орналасқан нысандардың құрастырып орналастыру процессімен барып танысты.