«Өрт-2025» республикалық КШМ-ге қатысу туралы

«Өрт-2025» республикалық КШМ-ге қатысу туралы

Қарағанды облысының ветеринария басқармасы Қарқаралы ауданында өткен «Өрт-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуына қатысты.

Оқу-жаттығудың мақсаты – төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғау жүйесін жетілдіру, қабылданып жатқан шаралардың тиімділігін және өрт қауіпті кезеңдегі қызметтердің дайындық деңгейін арттыру.

Оқу-жаттығулар төтенше жағдайларда қызметтерді басқару және өзара іс-қимыл алгоритмін пысықтау үшін жүргізіледі.

Басқа қызметтермен бірге ветеринария басқармасы ведомстволық бағынысты ұйымдармен бірге оқу-жаттығу барысында жануарлар мен өсімдіктерді қорғауға, ТЖ зардаптарын жоюға байланысты іс-шараларды орындауды пысықтады.