Бүгін 5 ақпаннан бастап, «Қарағанды-Саран» бағытындағы №165 - маршрут қайта қатынай бастады

Бүгін 5 ақпаннан бастап, «Қарағанды-Саран» бағытындағы №165 - маршрут қайта қатынай бастады

Бүгін 5-ші ақпаннан бастап, «Қарағанды-Саран» бағытындағы №165 - маршрут қайта қатынай бастады

 Бірінші кезекте тұрғындардың өтініші және жергілікті мәслихат депутаттарының сұрауы бойынша бойынша бұл сауал облыс әкімінің назарына ілігіп, толық шешімін тауып отыр.

Естеріңізге салсақ, 2018-ші жылдың мамыр айынан бастап, №3 автопарк аталмыш Қарағанды-Саран маршруттың қызметі тиімсіз болғандықтан тоқтаған. Есесіне 127 – бағыт бойынша автобустар көлемі екі есе артып, жүру жиілігі 15 минутты құраған еді.

Алайда бұл шаралар Саран қаласы мен облыс орталығы арасында жолаушыларды тасымалдауды толық көлемде қамтамасыз етуге мүмкіндік бермеді.

Облыс әкімінің тапсырмасымен  жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы осы мәселенің бәрін саралай келе, конкурс өткізіп, оның қортындысы бойынша 4 бірдей сыйымдылығы мол автобус Қарағанды-Саран бағытында қатынайтын болды.

Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету талаптарын, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының «Автомобиль көлігі туралы» Заңын  негізге ала отырып, 165-ші бағыттың Саран қаласының Жамбыл көшесімен жүру мәселесі қосымша қаралатын болады.