№107 «Қарағанды - Теміртау» автобусы бағыты бойынша ақпарат

№107 «Қарағанды - Теміртау» автобусы бағыты бойынша  ақпарат

№107 «Қарағанды - Теміртау» автобусы бағыты бойынша ақпарат

Соңғы жылдары Теміртау қаласы тұрғындарының №107 «Қарағанды-Теміртау» бағытына қатысты көптеген шағымдары келіп түсуде.

Бұл «Трансагентство KZ» ЖШС-нің бекітілген жүру кестесін ұдайы бұзуы және автобустардың жүру жиілігін сақтамауы себебінен орын алған.

2019 жылы аталған тасымалдаушыға жүру жиілігін сақтамау мәселесі бойынша бірнеше ескерту хаттар жолданған болатын, алайда «Трансагентство KZ» ЖШС тарапынан орын алған олқылықтарды жою бойынша шара қабылданбады.

Осыған орай тасымалдаушыға жүктелген міндеттердің толық орындалмауына байланысты көлік саласындағы заңнама шеңберінде Қарағанды облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы «Трансагентство KZ» ЖШС-мен келісімшартты сот шешімі негізінде бір жақты бұзды.

Осылайша қайта конкурс өткізіліп, нәтижесінде 2020 жылдың 6 ақпанында маршрут бойынша тасымал құқығы №3 автобус паркіне берілді. 

Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде конкурстық шарттарға сәйкес, «№3 автобус паркі» ЖШС маршрутта орташа қолдану мерзімі 4 жылдан аспайтын, сыйымдылығы үлкен 5 жайлы автобусты іске қосты. 

Бұдан басқа, аталған автобустарда «Ақылды көлік» мобильдік қосымшасына интеграциялаумен GPS-мониторинг жүйесі орнатылатын болады. Бұл жолаушыларға смартфондар арқылы автобустарды нақты уақыт режимінде келе жатқан жері мен уақытын қадағалауға мүмкіндік береді.