«Балқаш-Саяқ» облысішілік әлеуметтік маңызы бар теміржол маршруты кестесінің уақытша өзгеруі туралы ақпарат

«Балқаш-Саяқ» облысішілік әлеуметтік маңызы бар теміржол маршруты кестесінің уақытша өзгеруі туралы ақпарат

Балқаш өңірінің тұрақты тасымалдарға деген сұранысын қанағаттандыру мақсатында, облыс әкімінің тапсырмасы аясында Қарағанды облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы облысішілік «Балқаш-Саяқ» теміржол маршрутын іске қосу бойынша жұмыстар жүргізді.
2019 жылдың 23 қыркүйегінде бір жалпы вагонның құрамы күнделікті негізде «Балқаш-Саяқ» тұрақты облысішілік теміржол қатынасы іске қосылды. Бұған дейін хабарланғандай, маршрут бойынша тасымалдаушы «Қала маңындағы тасымал» АҚ болып анықталды.
Қазіргі уақытта, «Балқаш-Саяқ» учаскесінің өткізу қабілетін арттыру үшін қажетті теміржолдарды жөндеу бойынша технологиялық терезелердің жүргізілуіне байланысты, ағымдағы жылдың 2 қарашасы мен 14 желтоқсаны аралығында сенбі және жексенбі күндері рейстері тоқтатылады. Пойыздың күн сайынғы бағыты ағымдағы жылдың 14 желтоқсанынан бастап жаңартылады.
Жоғарыда баяндалғанның негізінде қала маңындағы поездың уақытша күшін жоюды ескере отырып, жол жүруді жоспарлау қажеттілігі туралы барлық жолаушыларға хабарлаймыз.