Маршруттардың жұмысы

Маршруттардың жұмысы

Абай-Саран бағдарының жұмысына қатысты келесіні хабарлаймыз.
№204 «Абай-Саран» маршруты ауданаралық (қалааралық облысішілік) маршрут болып табылады, оның ұйымдастырушысы «Қарағанды облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ болып табылады.
Өткен жылдың 15 тамызынан бастап «№3 автобус паркі» ЖШС тарапынан 17 облысішілік маршрут бойынша, оның ішінде жоғарыда көрсетілген маршрут бойынша тасымалдауды ұйымдастыру шарты біржақты тәртіппен бұзылды.
Осыған байланысты, №3 Автопаркпен тасымалдауды тоқтатқан сәттен бастап Басқарма жолаушылар мен багажды автомобиль көлігімен тасымалдау қағидаларына сәйкес маршруттарға қызмет көрсету құқығына 3 рет конкурс өткізді.
Әлеуетті тасымалдаушылардың болмауына байланысты маршруттар бойынша конкурстар өтпеді деп танылды.
Сонымен қатар, тасымалдардың үздіксіздігін сақтау мақсатында Басқармамен №204 «Абай-Саран» маршрутына уақытша қызмет көрсетуге тасымалдаушыларды тарту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Алайда, маршруттың тиімсіз болуына байланысты, жолаушылар ағынының төмен болуына байланысты тасымалдаушылар маршрутқа қызмет көрсетуден бас тартады.
Ағымдағы жылдың 10 сәуіріне дейін ауданаралық, соның ішінде Саран-Абай бағыты бойынша маршруттарға қызмет көрсету құқығына конкурс өткізу туралы қайта хабарландыру жарияланады.
Бұл ретте, жолаушылар мен багажды автомобиль көлігімен тасымалдау қағидаларына сәйкес конкурсқа меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде автобустары, шағын автобустары бар, Қағидалардың талаптарына сәйкес тасымалдаудың осы түрін ұйымдастыруға және автобустарға, шағын автобустарға техникалық қызмет көрсету мен жөндеуді қамтамасыз етуге қабілетті жеке және заңды тұлғалар қатыса алатынын атап өткен жөн.