Архив қызметкерлері «Абай шығармалары – адамзаттың рухани қазынасы» тақырыбында диктант жазып, данышпан ақынның шығармашылығы туралы мағлұмат алды. Жазба жұмысы барысында Абайдың:
- қазақтың жазба әдебиетінің негізін салушы реформатор екені;
- Батыс пен Шығыс әдебиетінің озық үлгісінен сусындаған тұлға екені;
- шығармаларының идеялық-тақырыптық ерекшелігі мен мәні туралы қысқа әрі нақты ақпарат берілді.

Сондай-ақ диктант аяқталғаннан кейін Абайдың тұлғалық болмысы туралы ой қозғалды.

Іс-шараны ұйымдастыруға қолдау көрсеткен мекеме басшысына алғыс білдіреміз!