Тілдерді оқыту курстарының 3-ші кезеңі басталды

Тілдерді оқыту курстарының 3-ші кезеңі басталды

 

   Үстіміздегі жылдың 14 қыркүйегінен бастап, Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен қазақ және ағылшын тілдерін оқыту курстарының 3-ші кезеңі басталды. Аталмыш кезеңде қазақ тілі курсында 165, ағылшын тілі курсында 100 тыңдаушы қамтылуда. Олардың қатарында мемлекеттік және азаматтық қызметшілер, жеке тұлғалар бар.

   Қазақ тілі «Қазтест» стандарты бойынша әзірленген әр деңгейге арналған оқулықтардан, жұмыс дәптерлерінен, аудиодискілерден тұратын бесдеңгейлік «Сарыарқа 2» оқу-әдістемелік кешені негізінде, ал ағылшын тілі New Headway кешені бойынша оқытылады.