Осакаров кентінде Қарағанды облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы ұйымдастыруымен көшпелі семинар -тренинг өтті.

Осакаров кентінде Қарағанды облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы ұйымдастыруымен көшпелі семинар -тренинг өтті.
«Ономастика және көрнекі ақпарат: міндеттер мен ұсыныстар» тақырыбындағы өңірлік көшпелі семинарға -мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруға жауапты құрылым өкілдері, облыстық ономастикалық комиссияның мүшелері мен этнограф ғалым жалпы тіл жанашырлары қатысты.
Семинар -тренингте:
📌«Тарихи топонимдердің жасалу жолдары»
📌«Тіл заңдылығын бұзудағы жауаптылық» тақырыптарында -Қарағанды облыстық ономастикалық комиссияның мүшесі,этнограф, топонимикалық еңбектердің авторы - Т.Аршабеков және облыстық «Қазақ тілі және мәдениеті қоғамы» ҚБ төрағасы, заң ғылымдарының кандидаты Е.Серімов сөз қозғады.
❇️Ал,Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқарманың ономастика, сараптама және қоғамдық ұйымдармен байланыс бойынша бас маманы Г.Темірғалиева,А.Бөгенбаева
📌«Ономастика саласындағы жұмысты ұйымдастыру ерекшеліктері мен енгізілген өзгерістер”
📌«Көрнекі акпарат пен жарнамадағы өзекті мәселелер» тақырыптарында баяндама жасады.
🔰🔰🔰Ономастика саласына қатысты кей мәселелерді көшпелі семинар форматында талқылау, елді мекендерде жер-су атауларына қатысты келелі мәселелерді ұтымды шешуге септігін тигізуде.