Қарағанды академиясында тақырыптық дәріс өтті

Қарағанды академиясында тақырыптық дәріс өтті
«Қазақ тілі – ғылым мен білім тілі» тақырыбындағы дәрістер топтамасы бүгін ҚР ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясында жалғасын тапты.
🔹Кезекті дәрісті Тілдік дайындық кафедрасының аға оқытушысы, заң ғылымдарының магистрі Дүйсембеков Айдос Мерекеұлы Кәсіби даярлық факультетінің 1-курс студенттеріне өткізді.
🔹Спикер «Ғылыми стильдің басқа стильден функцияналдық айырмашылығы» тақырыбындағы дәрісінде ғылыми стильдің ерекшелігі туралы ақпаратты молынан ұсынып, қатысушылардың сұрағына жауап берді.
🔹Дәрістер топтамасын өткізуге қолдау көрсеткені үшін академияның Тілдік дайындық кафедрасы ғалымдарына алғыс білдіреміз!