ХАЛҚЫ СҮЙГЕН ҚАЛАМГЕР

ХАЛҚЫ СҮЙГЕН ҚАЛАМГЕР

ХАЛҚЫ СҮЙГЕН ҚАЛАМГЕР

Шахтинск қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен орталық кітапхана жүйесінің ұйымдастыруымен Саттар Ерубаевтың 110 жылдығына арналған «Халқы сүйген қаламгер» тақырыбында өткен әдеби кешке Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы жанындағы Ресурстық тіл орталығының мамандары қатысып қайтты. Әдеби кеш барысында ұйымдастырушылар жасындай жарқ еткен, артында өшпес мұра қалдырған, қазақтың біртуар талантты ұлы, шоқтығы биік ақын, жазушы Саттар Ерубаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы толық мағлұмат беріп, өлеңдері мен көркем шығармаларына кеңінен тоқталды.

Саттар Ерубаев аз өмірінде көп еңбек етіп, артына жастық жалынға, шығармашылық шабытқа, өршіл романтикаға толы шығармаларын тастап, әдебиет тарихынан мәдениеті көтеріңкі жазушы ретінде сүбелі орын алды. Аз ғана өмірінде соңына мол мұра қалдырып, жарық жұлдыздай ағып өткен Саттар Ерубаевты туған халқы әрқашан ардақ тұтып, қадірлейтіні сөзсіз. Қаламгердің әдеби мұрасы өскелең ұрпаққа рухани күш – қуат берері ақиқат.