
«Идеологиялық тұрғыдан ескірген атаулары бар елдімекендер мен олардың құрамдас бөліктерін қайта атау жөніндегі 2022-2025 жылдарға арналған» Жол картасы
Республика бойынша әзірленген «Идеологиялық тұрғыдан ескірген атаулары бар елдімекендер мен олардың құрамдас бөліктерін қайта атау жөніндегі 2022-2025 жылдарға арналған» Жол картасы негізінде облыс бойынша былтыр – 8 елдімекен, 97 құрамдас бөлік атауы өзгертілді. Нәтижесінде идеологиялық тұрғыдан көнерген әкімшілік-аумақтық бірліктер бойынша атаулар (жалпы-461) 43-ке азайып 9,3%-ды құраса, құрамдас бөліктер бойынша (жалпы-3840) 439-ға азайып 11,4%-ды құрап отыр. Сонымен қатар, 18 білім беру мекемесіне атау беру туралы ұсыныстар Республикалық ономастика комиссиясына жолданды.