«Үлгілі отбасы» облыстық байқауының ЕРЕЖЕСІ

«Үлгілі отбасы» облыстық байқауының  ЕРЕЖЕСІ

«Үлгілі отбасы» облыстық байқауының 

ЕРЕЖЕСІ

Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының тапсырысымен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының және Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Қарағанды облыстық филиалының қолдауымен «Тіл - қазына» әлеуметтік жобасы аясында 2023 жылғы 18 қазанда «Үлгілі отбасы» облыстық байқауы (бұдан әрі - Байқау) өтеді.

Байқауды өткізудің мақсаты:

- отбасылық құндылықтарды дәріптеу;

- ұлттық тәрбиені жаңғырту, өткен күн мен бүгінгі күнді ұштастыра отырып, асыл мұрамыз болып сақталған ұлт қазынасын ұлықтау;

- бала тәрбиесіндегі ата-ананың, немере тәрбиесіндегі ата мен әженің рөлін көрсету арқылы ұлттың тарихи құндылықтарын ұстанып, үлгілі отбасы бола алатын, қоғамға үлгі болатын отбасыларды насихаттау.

Байқауға отбасылар өзін-өзі ұсыну жолымен, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың ұсынуы бойынша қатысады.

Байқауға қатысуға Қарағанды облысы аумағында тұратын толық отбасынан (кемінде 5 адам: атасы не әжесі, әкесі мен анасы, 2 баласы) құралған команда жіберіледі.

Байқау 2 кезеңнен тұрады: Бірінші кезең - іріктеу, екінші кезең - қорытынды.

Іріктеу кезеңінде отбасылар ү.ж. 10 қазанға дейін байқауға қатысуға өтініммен қоса портфолио ұсынуы тиіс:

  • таныстыру бейнеролигін (3 мин. аспайтын);
  • ата-аналардың, атасы не әжесінің жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері, балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмелерін;
  • неке қию туралы куәліктің көшірмесін;
  • балаларды тәрбиелегені үшін мадақтаулардың, белгілі бір жетістіктері үшін алған мадақтаулардың бар екенін куәландыратын құжаттардың көшірмелерін;
  • отбасы мүшелерінің еңбектегі, спорттағы, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жоғары жетістіктерін куәландыратын құжаттардың көшірмелерін;
  • қоғамдық пайдалы қызметке (волонтерлік, қайырымдылық, меценаттық, тәлімгерлік) (бар болса) қатысуын растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсынуы тиіс.

Құжаттарды көрсетілген мерзімнен кейін ұсынған отбасылар конкурсқа қатысуға жіберілмейді.

Ұйымдастырушыларға ұсынылған құжаттар қайтарылмайды.

Іріктеу кезеңінде 5 адамнан тұратын қазылар алқасы мынадай өлшемшарттарды басшылыққа алады:

  • отбасы құрамы (отбасы мүшелерінің саны – кемінде 5 адам: атасы не әжесі, әкесі мен анасы, 2 баласы);
  • отбасының таныстыру бейнеролигінің көркем безендірілуі;
  • отбасы мүшелерінің рухани-адамгершілік кұндылықтары, шығармашылық қабілеттері;
  • ата-аналары мен ата-әжелерінің үлгі тұтарлық жетістіктері (қоғамдық-пайдалы қызметке: волонтерлікке, қайырымдылыққа, меценаттыққа қатысуы);
  • балалары мен немерелерінің жетістіктері (бар болса);

Қазылар алқасының әрбір мүшесі отбасыларды балдық жүйе бойынша бағалайды (1-ден 5-ке дейін).

Өлшемшарттардың бірі бойынша ақпарат болмаған жағдайда, аталған өлшемшарт бағаланбайды. Балдардың жалпы саны тең болған жағдайда, түпкілікті шешімді қазылар алқасының төрағасы қабылдайды.

Қазылар алқасының шешімі бойынша іріктеу кезеңінен өткен отбасылар қорытынды кезеңге жіберіледі.

Қорытынды кезең ү.ж. 18 қазанда өткізіледі. Бұл кезең 4 бөлімнен тұрады.

  • бөлім: Таныстыру.

Бұл кезеңде отбасы мүшелерінің қатысуымен сахнада өнер көрсетіледі. Әр отбасы мүшесінің қатысқаны бағаланады. Әр отбасыға 2 минут уақыт беріледі. Уақыттан асып кетпеуі керек. 10 отбасының өнерін тамашалағаннан кейін қазылар алқасы өз бағасын береді.

2-бөлім: Шағын мемлекеттің бұлжымас заңы. Бұл кезеңде команда «Шағын мемлекет», яғни отбасы «Үлгілі отбасы» болуға не үшін лайық екенін көрсететін кейсін немесе Заңын қорғап шығады. Бұл заң қазақ ұлтының құндылығын жан-жақты көрсететіндей отбасының бұлжымас заңы болуы шарт. Әр отбасыға 1 минут уақыт беріледі.

  • мысал. Біздің отбасы тек қазақ тілінде сөйлейді. Біздің балаларымыз, немере, шөберелеріміз қазақ балабақшасы, қазақ мектептері, қазақ бөлімінде оқиды. Бұл ұстаным өзгерген емес. Өз тілің сенімен бірге өмір сүру үшін, өзге тіл білу үшін.
  • мысал. Біздің отбасы қазақтың тарихи тұлғаларын жатқа біледі. Өйткені аптасына 1 рет біздің үлкен атамыз қазақтың тарихын терең көрсететін танымдық сағат өткізеді. Отбасымызбен бәріміз жиналып, «Атаның танымдық сағаты» жиынын тыңдаймыз. Тарихи тұлғаларға қарызбыз, оларды насихаттауға парызбыз.

Дәл осылай 1 минутқа сәйкес келетін отбасының құндылығын көрсететін кейс қорғалады. Қорғау барысында әрбір қағиданың шын екенін көрсететін бейне немесе фотоматериалдар LED экраннан көрсетілуі тиіс. Бұл бөлім қорытындысы бойынша ұпай саны төмен 4 отбасы келесі бөлімге жіберілмейді. Келесі кезеңге 6 отбасы жіберіледі

3-бөлім: Шағын мемлекеттің мәселесі. Осы кезеңге өткен 6 отбасыға ситуациялық тапсырмалар беріледі. Яғни әр отбасында болатын шағын мәселелер экранда көрсетіледі. Қатысушы отбасы осы мәселені шешуі тиіс. Әр тапсырмаға 2 минут уақыт беріледі. Алғашқы бөлімдер бойынша жоғары ұпай жинаған отбасы таңдауды бастайды.

Мәселен, 1-жағдай. Әкесі мен анасы баласын орыс мектебіне бергісі келеді, себебі баланың тілі You-Tube сынды арналардың әсерінен орысша шыққан. Баласы қиналмас үшін орыс мектебіне береміз деген шешім қабылданады. Ал атасы (әжесі) болса, бұл шешімге түбегейлі қарсы. Атасы (әжесі) немересін қазақ мектебіне беруге қалай көндіреді? Қандай шешім қабылданады? Бұл тапсырманы атасы (әжесі) шешуі керек, отбасы жұмылып, мәселеден шығу жолын іздейді.

Осындай типті жағдаят тағы әрбір отбасыға жеке-жеке беріледі. Бөлімнің тапсырмасы бейнематериал түрінде немесе сурет түрінде LED экраннан көрсетіледі. Осы бөлімде ұпай саны төмен 3 отбасы келесі бөлімге өтпейді.

4-бөлім: Жеңімпаздар жекпе-жегі. Жеңімпаз отбасын анықтау үшін шешуші сайыс өткізіледі. Соңғы сайыста 3 отбасы танымдық сұрақтарға жауап береді. Бұл бөлімде 3 топқа ортақ 5 cұрақ қойылады. Сұрақтар қазақ ұлтының мәдениеті, әдебиеті, тарихы, дәстүрі, тіліне қатысты болады. Бұл бөлімде бұған дейін жинаған ұпай санына үшінші бөлім бойынша ұпай саны қосыла отырып, қорытынды көрсеткіш бойынша І, ІІ, ІІІ орын жеңімпаздары анықталады.

Байқауға қатысушы отбасылардың өнерін бағалау және жеңімпаздарды анықтау үшін қазылар алқасы құрылады. Қазылар алқасының құрамы тіл мен әдебиет, мәдениет, тарих салаларының білікті мамандарынан, ғалымдардан, зиялы қауым өкілдерінен кемінде 5 адамнан тұрады. Қазылар алқасының құрамы төрағадан және оның мүшелерінен тұрады. Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері қазылар алқасының ашық дауыс беру қорытындысы бойынша анықталады. Қазылар алқасы мүшелерінің дауыстары тең болған жағдайда, төрағалық етушінің дауысы шешуші болып табылады. Қазылар алқасының шешімі хаттама түрінде ресімделеді, оған қазылар алқасының барлық құрамы қол қояды. Байқаудың марапаттау рәсімі салтанатты түрде өткізіледі.

Байқау жеңімпаздары ұйымдастырушы бекіткен жүлде қоры мөлшерінде арнайы дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталады.

І орын – 660 000 теңге (біреу, салығын қоса есептегенде);

ІІ орын – 330 000 теңге (екеу, салығын қоса есептегенде);

ІІІ орын – 165 000 теңге (үшеу, салығын қоса есептегенде);

Ынталандыру сыйлығы 110 000 теңге (төртеу, салығын қоса есептегенде).

Байланыс телефондары: 87011703376, 87019530937.

*Ескерту: Байқауға 2022 жылғы «Үлгілі отбасы» облыстық байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлері (І, ІІ, ІІІ орын) қатыстырылмайды.

Р\с №

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Туыстық дәрежесі

Туған күні (күні, айы, жылы)

Жұмыс, оқу орны, қызмет түрі, лауазымы

Тұрғылықты мекенжайы, байланыс телефоны