Мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру жөніндегі жұмыс тобының отырысы өткізілді

Мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру жөніндегі жұмыс тобының отырысы өткізілді

Мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру жөніндегі

жұмыс тобының отырысы өткізілді

2023 жылғы 30 маусымда Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасында мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру жөніндегі жұмыс тобының отырысы өткізілді. Аталған отырысқа жұмыс тобының мүшелері, қала, аудан әкімдерінің орынбасарлары, өңірлік тілдерді дамыту бөлімдерінің басшылары қатысты. 

Жұмыс тобының күн тәртібінде «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңының орындалуы, ономастикалық атауларды біріздендіру шаралары және көрнекі ақпарат пен жарнамаларда тіл нормаларының сақталуы туралы мәселелер қаралып, Қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Б.Ж. Санбаевтың, Саран қаласы әкімінің орынбасары Е.Э. Баулықовтың, Теміртау қаласы әкімінің орынбасары С.С. Зияшевтің, Бұқар жырау ауданы әкімінің аппарат басшысы А.Х. Микеновтың, Қарағанды қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімінің басшысы Б.С. Нұртаеваның баяндамалары тыңдалды.

Отырыс барысында жұмыс тобының мүшелері - ғалым, қоғам қайраткері Т.Ә. Көкетай, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің Қазақстан тарихы кафедрасының доценті С.Қ. Кентбеков, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің  доценті Ж.А.Қағазбаев, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамы филиалының «Тәрбие және тұлғаны әлеуметтендіру» кафедрасының аға оқытушысы Қ.Ғ. Смағұлова  өз пікірлерімен бөлісіп, баяндамашыларға сұрақ қойып, тіл саясатын дамытуға қатысты ұсыныстарын білдірді.