«Тіл-құрал» әдістемелік кешені аясында ұйымдастырылатын тіл оқыту орталықтары мен курстарының (ересектерге қазақ, ағылшын тілдерін оқыту бойынша мемлекеттік және жекеменшік мекемелердің) әдіскерлері мен оқытушыларына арналған тренингтің БАСПАСӨЗ ПАРАҒЫ

«Тіл-құрал» әдістемелік кешені аясында ұйымдастырылатын  тіл оқыту орталықтары мен курстарының  (ересектерге қазақ, ағылшын тілдерін оқыту бойынша мемлекеттік және жекеменшік мекемелердің)  әдіскерлері мен оқытушыларына арналған тренингтің  БАСПАСӨЗ ПАРАҒЫ

«Тіл-құрал» әдістемелік кешені аясында ұйымдастырылатын

тіл оқыту орталықтары мен курстарының

(ересектерге қазақ, ағылшын тілдерін оқыту бойынша мемлекеттік және жекеменшік мекемелердің)

әдіскерлері мен оқытушыларына арналған тренингтің

БАСПАСӨЗ ПАРАҒЫ

Өтетін мерзімі: 2023 жылғы 23 маусым, сағат 10:00

Өтетін орны: Мұқанов көшесі, 1, ҚарУ-дің филология факультеті, 2-қабат, электронды ресурс залы                                         

Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының іс-шаралар жоспарына сәйкес «Тіл-құрал» әдістемелік кешені аясында тіл оқыту орталықтары мен курстарының (ересектерге қазақ, ағылшын тілдерін оқыту бойынша мемлекеттік және жекеменшік мекемелердің) әдіскерлері мен оқытушыларына арналған тренинг ұйымдастырылады.

Шараға Қарағанды облысының тіл оқыту орталықтары мен курстарының оқытушылары, әдіскерлері, жекеменшік оқыту орталықтарының және ЖОО оқытушылары қатысады.

Шараның мақсаты: Тіл оқыту әдістемелерін зерделеу, заманауи өнімдердің мүмкіндіктерін пайдалана отырып, тәжірибе алмасу.

        Тренинг барысында Назарбаев Университеті, қазақ тілі және түркітану кафедрасының оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі Көпеш Күлән Бейсенбайқызы және Назарбаев Университеті, MSc in TESOL, ағылшын тілін өзге тілді аудиторияларда оқыту магистрі Абжанова Самал Бакбергенқызы дәріс оқып, Қарағанды облысының оқытушылары және әдіскерлерімен өз тәжірибелерімен бөліседі.

   

Байланыс телефоны:  8 7212 510188.