«Ойөріс» зияткерлік телеойынның ережесі

«Ойөріс» зияткерлік телеойынның ережесі

«Ойөріс» зияткерлік телеойынның ережесі

«Ойөріс» зияткерлік телеойыны (бұдан әрі – телеойын) облыс аумағындағы ересек тұлғалар арасында өтеді.

Телойынның ұзақтығы 30 минут, әр айда бір ойыннан ұйымдастырылады. Қатысушыларға жас шектеулері болмайды.

Телеойын мемлекеттік тілде өткізіледі.

Әр топқа командалық киімде болуы талап етіледі.

 

Телеойынның мақсаты:

 

 «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңы мен «Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020 − 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» жүзеге асыру.

 

Міндеттері:

 

  • Ел жетістіктерін паш ету, тарихи тұлғаларымызды ұлықтау;
  • Қазақтың ақын-жырауларының өлең-толғауларында, бағзы заманнан келе жатқан мақал-мәтелдерде кездесетін, бұл күнде ұмыт бола бастаған көнерген сөздерді қайта жаңғырту, сөздік қорды молайту арқылы мемлекеттік тілді кең ауқымда дамыту;
  • Қазақ халқының көне салт-дәстүрі мен, әдет-ғұрпын жаңғырту;
  • Азаматтарды мемлекеттік тілді, төл тарихты білуге баулу, жастардың патриотизмін арттыру

 

Телеойынды өткізудің тәртібі

 

Телейойынға облыс көлеміндегі мемлекеттік мекеме қызметкерлері, қоғамдық ұйым өкілдері және бір отбасы мүшлерінен құралған командалар қатысады. Топқа 20 жастан асқан кез-келген санаттағы азаматтар кіре алады.  Әр топта капитан мен мүшелері, жалпы саны үш адам болу керек.

 

Телейойын кезеңдері

 

Телеойын төмендегідей үш кезеңдерден тұрады:

 

  1. Таныстыру (Tanystyru) (3-4 минут)

2.Елтаным (Eltanym)(7-8 минут)

3.Сөзтаным (Söztanym)(7-8 минут)

  1. Ойтаным (Oitanym)(6-7 минут)
  2. Қорытынды (Qorytyndy)– бағалау (2-3 минут)

 

 

  1. Таныстыру

 

Қатысушы команданы таныстыру кезінде топтың атауы, ұраны, конкурсқа қатысудағы мақсат-міндеттері қамтылуы қажет. Ойын регламенті бойынша әр топ таныстыруы екі-үш минуттан аспауы қажет. Таныстыру мәні мен мазмұны, сапасы ойын қорытындысында ескерілетін болады.

 

  1. Елтаным.

 

Бұл сайысқа әр команда топ болып қатысады. Экраннан көрсетілетін «Тұлғалар», «Тарихи орындар», «Көрікті жерлер» тақырыптарындағы ұяшық ішінен сұрақтардың біреуі таңдалады.

Әр топ 6 сұрақтан таңдап, жауап беруі қажет.

Топ мүшелері әр ұяшыққа қойылған сурет атауын тауып, ол  туралы қысқаша сипаттама беруі керек.

«Тұлғалар» (10 ұпай)  ұяшығында ел тарихында орны ерекше тұлғалардың суреттер қойылады.

«Тарихи орындар» (20 ұпай) ұяшығында ежелден келе жатқан түрлі күмбездер, мазарлар, ескеркіштер секілді нысандар көрсетіледі.

 «Көрікті жерлер» (30 ұпай) ұяшығында еліміздегі өзен-көлдер, таулар секілді әдемі жерлердің, түрлі ғимараттардың суреттері көрсетіледі.

Егер сұрақты таңдаған топ жауап бере алмаса, келесі топ мүшелері жауап беруге мүмкіндігі бар.

 

  1. Сөзтаным.

 

Бұл сайыс барысында экраннан көнерген сөздер(könergen sözder), жұмбақтар(jūmbaqtar) және мақалдардың (maqaldar) бір бөлігі көрсетіледі. Әр топ кезекпен ұяшықты таңдайды. Экранға сөз шыққан сәтте жылдам белгі берген команда жауап береді. Жалпы алғанда 15 сұрақ қойылады.

Жұмбақтарды дұрыс тапса – 10 ұпай,

Мақалды дұрыс жалғастырса – 20 ұпай,

Көнерген сөздердің мағынасын дұрыс ашса – 30 ұпай беріледі.

 

  1. Ойтаным.

 

Бұл кезең Команда капитандарының сайысы болып табылады.  Әр капитанға он сұрақтан қойылады. Сұраққа тек «Иә» немесе «Жоқ» деп жауап беріледі. Әр дұрыс жауапқа – 10 ұпай.

Сұрақтар ел тарихы, салт-дәстүр, тәуелсіздік кезеңдеріндегі жетістіктер, көрнекті тұлғалар  және тіл туралы заңнамалар туралы қойылады.

 

 

 

  1. Бағалау

 

Телеойынға қатысушылардың қабілеті мен шеберлігін арнайы тағайындалған сарапшы сараптап, әр сайыстан алған ұпайлары бойынша бағалайды.

Телеойын жеңімпаздары мен жүлдегерлері арнайы дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталады.

 

Телойынға  қатысу үшін ұсынылған кестеге сәйкес толтырылған команда өтінімдері  2023 жылдың наурыз-сәуір айлары аралығында Қарағанды облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасында (Қарағанды қ, Мұстафин көшесі 6/4) kar_til@krg.gov.kz  электронды мекенжайы бойынша қабылданады.

Анықтама телефондары: 8 (7212) 51-38-00, 87028129378

 

«Ойөріс» интеллектуалды телеойынына қатысуға өтінім үлгісі

 

Мекеме атауы Команданың атауы Команданың ұраны

Қатысушылардың аты-жөні

Топ жетекшісі көрсетілуі тиіс

Жұмыс орны/

лауазымы
Байланыс телефондары, эл.пошталар